Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

11-15.03.2024ж. аралығында Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі апталық өткізді. Пән мұғалімдері апталықтың ашылу салтанатын қазақтың рухты әндері мен күйлерінен бастады. Сонымен қатар қазақтың салт-дәстүрлері, ойындары, тағамдары мен қазақ тілі грамматикасы бойынша арнайы әзірленген сұрақтарға оқушылар мен мұғалімдер, мектеп қызметкерлері жауап берді. Жауабын білмегендерге ұстаздар түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Апталықтың бекітілген жоспарына сай пән мұғалімдері ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізді. Атап айтар болсақ, З.А.Аймолдина           8 «А» сыныбында  Д.Исабековтің «Әпке» драмасы бойынша ашық сабақты, «Жырлайды жүрек» тақырыбындағы игі шараны М.С.Айтуаровамен бірлесе өткізді.

М.Ж.Сералиева 3 «Б» сыныбында «Суды үнемде» тақырыбында ашық сабақ, сонымен қатар «Оқуға құштар мектеп» жобасымен бірлескен түрде «Аңыз оқимыз» атты игі шара өткізді.

Г.Б.Әленова 6 «А» сыныбында «Қазақтың ұлттық ойындары» тақырыбында ашық сабақ және 5-7 сынып оқушылары арасында мақал-мәтелдер сайысын ұйымдастырды.

М.С.Айтуарова 4 «Б» сыныбында «Қалдықсыз өмір сүрейік» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Бұдан өзге пән мұғалімдері қазақтың ұлттық ойындарынан сайыстар, сондай-ақ жәрмеңке ұйымдастырып, оқушылар іс-шараларға белсенді қатысты.

Апталықтың жабылу сәтінде Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері мектеп ұжымы мен оқушыларына Наурызкөже мен қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татқызды.