Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Мектебімізде денсаулық күні жыл сайын аталып өтіледі. Осы атаулы мерекеге орай, 15 қыркүйек күні «Денсаулық күні!» тақырыбындағы мектеп ұжымы және оқушыларының бірлескен түрдегі іс-шаралары өткізілді. Денсаулық күнін атап өту, бұл қалың жұртты өз денсаулығына назар аударту, оның маңыздылығын, құндылығын түсіндіру, адамдардың денсаулығын сақтап қалу үшін не істеу қажет екендігін жеткізу үшін өткізілетін іс-шара болып табылады.

1-11 сыныптар арасында әр түрлі ойындар өткізілді: 1-4 сыныптар арасында көңілді старт, 5-11 сынып оқушылары арасында арқан тарту, мини-футбол мен спорттық эстафета ойындары өткізілді. Мұғалімдер 5-11 сынып оқушыларымен қосылып волейбол ұйымдастырылды, соңында 9-11 сынып оқушылары  «метание гранат» сайысына қатысты.