Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Барлық жастағы балалар жазғы демалыстан кейін туған мектебінің ауласына жиналды. Салтанатты жиынының өте жас қатысушылары бүгін алғаш рет өз сыныптарының табалдырығын аттады. Ақылды да жақсы демалған оқушылар мектептің кіреберісіндегі алаңда сап түзеп тұрды. Салтанатты шара әнұранның орындалуымен басталды. Дәстүр бойынша бірінші сынып оқушылары таныстырылды, сонғы жиынға    11-сынып түлектері де шақырылды. Мектеп басшысы түлектерге қоштасу сөзін айтып, жиналғандарды оқу жылының басталуымен құттықтады. Сонымен қатар, Железин ауданынан өкіл, мәдениет және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Баймағамбетов С.А. құттықтап, ұстаздар мен оқушыларға сәттілік пен шыдамдылық тіледі.

Шараны бірінші сынып оқушыларының жауап беруімен жалғасты, алдын ала үйренген тақпақтарын мәнерлеп айтып, жиналғандардың көңілінен шықты. Биылғы оқу жылындағы алғашқы мектеп қоңырауының уақыты келді. 11-сынып оқушысы Темірболат Алина және саптың ең жас мүшесі 1-сынып оқушысы Тытюк Тимофей салтанатты түрде қоңырау соғылып, барлығына сынып сағатының басталғаны туралы хабарлайды.